Біздің мейрамханамыздың артықшылықтары

restaurant-banner.jpg

Бурабайда дәмді тамақтанғыңыз келе ме? ParkHotelKokshetau асханасымен бірге ол оңай

Дұрыс және дәмді тамақсыз демалыс бола ма екен? Әсіресе таза ауада серуендегеннен кейін толымды тамақтанған рахат қой! Жеңіл таңғы асымыз, кешенді түскі асымыз және керемет әзірленген кешкі асымыз ең ерекше талғамы бар адамның өзіне рахат сыйлайтыны сөзсіз.

restoran-img.jpg

Сізді «Абылай хан» мейрамханасы күтеді

Біздің мейрамханамыз бір уақытта 100 адамды сыйдыра алады. Ерекше талғаммен безендірілген кең залда кез келген тағам патшаға лайық салтанатпен ұсынылады. Мейрамханамыз демалушыларға күнделікті қызмет көрсетуге ғана арналмаған. Біз үйлену тойының, корпоративтік банкеттің немесе басқа да той-думанның дастарханын қуана ұйымдастырамыз. Барлық дәстүрлерге сай мінсіз әзірлеу, тек қана балғын азық-түліктер және ерекше қонақжайлылық – бұл Бурабайдағы мейманханалардың мақтан ететін артықшылықтары.

Үлкен банкет залы

Шағын ұжыммен оңаша жерде қалғыңыз келе ме? Сәнді залда банкет немесе іскерлік кездесу өткізгіңіз келе ме? Ерекше талғаммен және таңдамашылықпен жабдықталған VIP-кабинет сізге қызмет көрсетуге дайын. Сыпайы даяшылар кез келген іс-шараға жақсы қызмет етеді. Ал біз әзірлеген дәмді, пайдалы және мерекелік безендірілген шығыс және еуропа тағамдары керемет әсер сыйлайды. Бурабайдағы мейманхана кез келген іс-шараның дастарханын жоғары деңгейде ұйымдастыра алады!

banket-img.jpg
terassa-img.jpg

Мейманхана терассасынан керемет көрініс

Іскерлік кездесуді немесе отбасылық демалысты таза ауада толымды тамақтанудан артық не толықтыра алады? Мейрамханамыздың терассасына жайғассаңыз, көз алдыңызда Бурабайдың әсем таулары, Щучье көлінің айдыны және табиғаттың басқа де сұлулығы көрініс табады. Гүлденген ағаштардың ортасында қарапайым тамақтың өзі дәмдірек көрінеді. Шығыс және еуропа тағамдарын таңдауыңызға ұсынамыз. Ағаш жиһаз, жұмсақ дивандар мен ыңғайлы креслолар сіздің жақсы демалып, керемет әсер алуыңызға көмектеседі.

Мейрамхананың ас мәзірін де ұмытпайық. Бағалары сізді таңқалдырады!

Байланыс ақпараты
Моб: +7(701)261-91-81
Гор: +7(71636) 3-41-11
Email: kokshetauhotel@mail.ru
Бізді қалай табуға болады?